Казахстан, г. Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Казахстан, г. Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Сан қырлы дарын Жазушы, елімізге танымал тұлға Жанұзақ Аязбеков хақында

63
0
Сан қырлы дарын Жазушы, елімізге танымал тұлға  Жанұзақ Аязбеков хақында
Республикамызға белгілі қаламгер, жуырда  70 жасқа толғалы отырған  Жанұзақ Аязбеков Алматыдағы Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін 1977 жылы тәмәмдады. Содан кейін жолдамамен Қостанай өңіріне келіп, осында өзінің бойындағы кәсіби шеберлігін, азаматтық болмысын, қайраткерлік қырларын танытты. 
Әріптесіміздіңқазақ журналистикасында өзіндік алар ерекше орны бар. Жоғары партия мектебін бітірген соң, облыстық партия комитетінің баспасөз жөніндегі нұсқаушысы қызметінде абыроймен атқарды. Тынымсыз ізденісімен көкейтесті тақырыптарды көтере білетіндігі, еңбекқорлығының арқасында Қазақ радиосы мен теледидарының «Қазақстан» және «Хабар» агенттігінің Қостанай облысындағы меншікті тілшілігін деатқарды.
       Оның есімі көрермендерге жергілікті теледидардың негізін қалаушылардың бірі қатарында да құрметпен аталады. Өйткені, облыстық телерадио компаниясы төрағасының орынбасары - Бас редакторы болды. Кезінде«Заман» телеарнасының директоры ретіндеқаншама құнды хабарлар жасады. 
Өз саласының білікті маманы Мәскеуде өткен  мәртебелі 4-ші Евразиялық телевизиялық форумына «Қазақ тұлпары» атты авторлық бағдарламасымен қатысты. Басқа да көптеген республикалық деңгейдегі беделді байқауларда топ жарды.
Қостанайда оның көп жылғы еңбегі әділ бағаланып, меценаттар клубының «Қазына», журналистер арасындағы Мұхамеджан Сералин атындағы сыйлықтармен марапатталды.
Маңдайтермен үздіксіз талпыныс оның абыройын асқақтатып, күллі елімізге атын шығарды. Мемлекет басшысының  Жарлығымен кеудесіне «Құрмет» орденін тақты. Қазақстан Журналистер Академиясының академигі атанды. Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақ журналистикасының қайраткері. Омырауындағы Тәуелсіздігіміздің он жылдығы, Бейімбет Майлин, сонан соң Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған медальдар да біраз жайдан хабар берсе керек. Басқа да мерейін өсірген дипломдар мен төс белгілер жетерлік.
Сонау студенттік жылдары есімі Қазақ телевизиясының тарихында алтын әріппен жазылған Совет Масғұтов секілді білімді де білгір ұстаздан дәріс алса, тәжірибесі әбден толысқан жылдары өзі де Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде болашақ журналист кадрларын даярлауға лайықты үлесін қосты.
 Жылдар өте өңірдегі баспасөздің қара шаңырағы «Қостанай таңы» газетінің директоры – Бас редакторы болып тағайындалды. Алғашқы күннен бастап басылымның мазмұны мен бет – бейнесін өзгерту, оқырмандарға барынша жақындату үшін тынымсыз тер төкті.
       Өткен кезеңде газетте орын алған «Қостанай ақшамы» атты қосымшасы да зиялы қауымның тарапынан қолдау тапты. «Шұғаның белгісі» айдары дүниеге келіп, бұрын көрінбей жүрген жас таланттардың көркем шығармаларының жариялануына тікелей ықпал етті.
       Сонымен қатар «Сән мен сымбат», «Тылсым», «Дода» секілді арнаулы беттер де оқырман назарын аудармай қойған жоқ. «Бас редактор әлемі» айдары тұрақты беріліп, өзекті мәселелер қамтылды.
       Осы ұмтылыстар мен құлшыныстар еленбей қалған жоқ. Көп өтпей Жәкең  еліміз бойынша байқау қорытындысында республикалық Г.Толмачев атындағы «Қазақстандағы ең үздік облыстық газеттің Бас редакторы» жүлдесін жеңіп алды.
Жәкеңқаламын үздіксіз шыңдап, әдебиетке үлкен дайындықпен келгенін оқырмандарға дәлелдеді. Әрине, көркем сөздің шебері атануына сонау сағымдай бұлдырап артта қалған балалық шақта кітапханалардағы әдеби шығармаларданмейлінше сусындағаны, студенттік кезеңдерде қазақ және шетел классиктерінің інжу-маржандарын үздіксіз оқып -тоқығаны да өзіндік ықпалын тигізгені хақ.
       Рухани әлемі кемел қаламгер артта қалған кезеңде бірқатар сүбелі туындылар жазып, баспалардан шығарды. «Ағайынның арасы», «Тіршілік сауалы», «Кие мен ие», «Ел сөзі» секілді танымдық – тағылымдық жағы мол еңбектері жарық көріп, жұртшылыққа жол тартты.
2019 жылы Қазақстан Жазушылар Одағының  Қостанай облыстық филиалына директор болып бекітілді. Ұдайыізденістің нәтижесінде «Бальзак неге жылады?» деп аталатын сараптамалық әдеби – сын кітабы жазылды. 
       Талантты еңбек Қазақстан Жазушылар Одағы тарапынан да лайықты бағаланып, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы берілді. Шығармашылық адамы бір орында тұрмайтындығы белгілі. Қазір ол нағыз кемел шағында.
Құдай қосқан қосағы Бақыт жеңгемізбен бірге шаңырақ көтергендеріне қырық бес жылдан асты. Тату-тәтті ғұмыр кешіп келе жатқан ерлі-зайыптылар үш перзентін жастайынан ізгілікке, адамгершілікке баулыды.
       Тұңғыштары Дәурен  бұл күндері Алтынсарин аудандық ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары. Жанұзақ ағаның екінші ұлы Еркін мен қызы Әсел әкелерінің жолын қуып, журналист атанды. Осы ұрпақтарынан алты немере сүйді.Олар демалыс күндері қара шаңырақта жиналғанда ата-әжелері үлкен қуанышқа кенеліп, ғажайып шақты бастан кешеді.
         Біз кейіпкерімізді мерейтойымен құттықтай отырып, оған мықты денсаулық, отбасында ырыс-береке, шығармашылық табыс тілейміз.
 Оразалы Жақсанов
 
Редакции газеты «Курьер Казахстана» присоединяется к поздравлениям и желает юбиляру крепкого здоровья, благополучия и новых творческих побед!

 
 
 

Комментарии

Введите комментарий

Надежда

Почему.все.дорожает.а.пенсия Уменьшается.почему.такая Несправедливасть

Аноним

Почему.стало.меньше

Алиса

Дина Махатовна очень хороший врач, побольше бы таких врачей!

вячеслав тепловодский-сын а.ф.8 903 159 44 70 тел.

а память о первом директоре завода тепловодского андрея федоровича -забыли .вычеркнули как вам не стыдно лозицкого вспомнили а тепловодского нет